Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қолдан жасап, көтеру фактілері тіркелді. Бұл туралы сауда және интеграция министрі мәлімдеді.
«Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне рұқсат етілген бөлшек сауда үстемесінен асып кету фактілері, яғни 749 бұзушылық анықталды. Олардың көпшілігі: қант – 40% дейін, күнбағыс майы – 35% дейін, көкөністер – 25%» деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында.
«19-25 наурыз аралығында Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының 1,7% – ға өсуі тіркелді жыл басынан бері ӘМАТ бағасының өсуі 9,9% – ды құрады. Бір апта ішінде ең көп қымбаттаған тауарлар: қырыққабат -11%, пияз – 9,3%, қант – 6,3%, картоп – 4,7%, сәбіз – 3,3%, тауық жұмыртқасы – 1,7%», – делінген Үкімет басшысының орынбасары жариялаған ақпаратта.
Еске сала кетейік, Премьер-Министр әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% үстеме бағаның сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған еді.