Úı Jańalyqtar Құрылыс материалдары қымбаттап жатыр

Құрылыс материалдары қымбаттап жатыр

Түркістанда құрылыс қарқын алған

Құрылыс материалдары қымбаттап жатыр. Бір жылда баға 6 пайызға дейін өскен. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, кей материалдардың бағасы екі есе көтерілген.

Құрылысқа қажетті тастар 30 пайызға дейін, тазартылған мұнай өнімі 25 пайызға қымбаттаған. Одан кейін әк, гипс, бетон, құм, саз, цемент бағалары да айтарлықтай өскен.

Бағаның көтерілуі әсіресе, Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе облыстарында байқалады. Сарапшылар баспананың қымбаттауын құрылыс материалдар бағасының шарықтауымен байланыстырады.

Exit mobile version