Шымкентте өткен жылы қала экономикасына 462 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2020 жылмен салыстырғанда 60,3 пайызға артқан. Биыл жоспар бойынша инвестиция көлемін 538 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр.
Ал алдағы 5 жылда 4,6 трлн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. 2022 жылы 65 жоба жүзеге аспақ.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы 16,1 млрд. теңгеге 593 жұмыс орнын құрылып, 15 жоба іске қосылған. Биыл аталған бағытта мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Гүлдана Дәурен