Бүгіннен бастап әлемге танымал швециялық ИКЕА компаниясы Ресейде жұмысын тоқтатады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Бірлестік елдегі өз өндірісін жауып, ресейлік мердігерлердің тауарларын сатып алуды да доғарады. Алпауыттың елден кететіні жайлы ақпар тарай салысымен ИКЕА дүкендеріне ағылған адамдар қарасы көбейген.
Айта кетейік, үй жиһаздарын сатумен айналысатын бірлестіктің Ресейде 17 дүкені бар. Оларда 15 мың адам жұмыс істейді.
Шынар Оразова