Абай ауданына қарасты Көкбұлақ тұрғын алабын табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысты аяқтап, пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, тұрғын алапты инжинерлік инфрақұрылыммен қамту жұмысы кезең-кезеңімен атқарылуда. Айта кетейік, Көкбұлаққа өткен жылы электр жарығы мен оптика желісі тартылып, елдімекен ауыз сумен толықтай қамтылған еді.
Гүлдана Дәурен