Шымкентте Наурыз мерекесінің қарсаңында «Тарихқа тағзым күні» аталып өтті. Мерекеге орай қала тұрғындары «Ғасырлар тоғысындағы көрмеде» тарихтан сыр шертетін жәдігерлер мен кітаптардан жасақталған көшпелі көрмені тамашалады.
Сондай-ақ, қалалық кітапханалар «Көне кітаптар көрмесін» жасақтаса, саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі өз экспонаттарын, ал салт — дәстүр орталығы «Тарихтан тағылым» атты ұлттық көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрме күндізгі сағат 11:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Гүлдана Дәурен