Президенттің тапсырмасымен Қазақстан үкіметі жанынан экономиканы монополиясыздандыру комиссиясы жұмысын бастады.
«Комиссияның міндеті – экономиканы монополиясыздандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы аясында телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салаларда негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қаралады», — деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша премьер-министр Әлихан Смайылов қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, бір апта ішінде үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Шынар Оразова