«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі қарсаңында қаладағы мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында «Ойын ойды шыңдайды» атты сайыс өтті. Жиынды орталық басшысы Б.Спанов ашып беріп, сайысқа қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
Сайысқа О.Жандосов атындағы № 30 мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы № 65 мектеп мектебі, № 57 және № 50 жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары
«Арқан тартыс», «Асау тай», «Бестас», «Асық» “Білектесу» ойындары бойынша өзара бақтарын сынады.
Қыздарға кесте тігуден шеберлік сағаты көрсетілді. Сайыс соңында үздік нәтеже көрсеткен жеңімпаз топтар арнайы орталық басшысының алғыс хатымен марапатталып, сыйлықтарға ие болып, наурыз көже мен бауырсақтан дәм татты.
Жоғарыда аты аталған мектеп ұжымдарының көркем өнерпаздары сайыстың көркін аша түсті.