Өзбекстан үш жылға жарамды ІТ виза әзірлеп жатыр

153
фото ektu.kz

Өзбекстан 1 сәуірден бастап инвесторларға, IT компания құрылтайшыларына, ақпараттық технология саласындағы мамандарға және олардың отбасына IT виза бере бастайды.

Өзбекстанның визасы жеке тұлғаларға үш жылға дейін беріледі. Яғни, мұны алған азаматтар үш жыл бойы Өзбекстанға емін-еркін кіріп-шыға алады.

Сонымен қатар, Өзбекстан азаматтарына қарастырылған білім және медицина қызметтерін алу құқығы бар.

Айта кетсек, виза IT-парктің ұсынысымен беріліп отырады. Оны алу шарттары мақсатына қарай ерекшеленеді. Сондай-ақ, IT-визаға берілген өтініш үш жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Мөлдір Ибадуллаева