Полиция: Алаяқтардан сақ болыңыздар!

93

Еңбекші ауданы полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, кафеде бейтаныс азамат қоңырау шалу мақсатында ұялы телефонын сұраған. Содан құны 140.000 теңге тұратын «OPPO Reno5» маркалы телефонын алаяқтық жолмен ұрлап, ізін суытқан.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеген. Еңбекші ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат арызданушыдан алған телефонды ломбардқа өткізген. Ұрланған ұялы телефон ломбардтан алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Шынар Оразова