Шымкентте порнотүсіріліммен айналысқандар ұсталды

85

Қазақстанның 3 мегаполисінен вебкам-порностудиялар желісін анықталды. Онда 50-ден астам модель жұмыс істеген және оның екеуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Шымкент полицейлері интернетте порнографияны нақты уақыт режимінде таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты жойды. Актриса деп аталатындардың арасында кәмелетке толмаған екі қыз бар.

Бұл порнотүсіріліммен айналысқан азаматтарды құрықтау сәті. Бұл жай пәтер емес, арнайы жинақталған студия. Және қала бойынша осындай ондаған орын болған. Онда 50-ден астам бойжеткен жұмыс істеген, олардың арасында кәмелетке толмаған 2 қыз бар.

Полиция «әртістердің» көбісі есірткі қолданғанын айтады. Бұл студиясының негізгі аудиториясы шетелдіктер болған көрінеді.

Нұрбол Ашақұлов, Шымкент қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі: «Олар заңсыз веб-порно-съемка түсірумен айналысқан. Тексеру барысында тікелей эфирде жалаңаш бейнелерін түсірген қыздар тобы және ол қыздарға қомақты мөлшерде қаражат ұсынылғаны анықталды. Және олардың арасында 2 кәмелетке толмаған қыздар бар. Ұйымдастырып, басқарған Қырғызстан республикасының азаматы екені анықталды. Порнографиялық студияға қажетті заттармен бірге, тексеру барысында есірткі заттары табылды. Барлығы 11 азамат қамауға алынған, оның 5 қырғызстандық, 6 Қазақстан азаматы».

Тәртіп сақшыларының сөзінше порностудиялар Қазақстанда алғаш рет анықталып отыр. Полиция бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың трансұлттық сипатқа ие болу ықтималдығы жоққа шығарылмайтынын да атап өтті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Гүлдана Дәурен