30-шы наурыздан бастап Ресей Қазақстанмен құрлық шекарасындағы шектеулерді жояды
Мұндай шешімді коронавирус инфекциясы таралуының алдын-алу жөніндегі жеделштаб қабылдаған. Ресей билігінің ресми Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, құрлық шекарасы арқылы барыс-келіс қайта қалпына келеді.
Бұған дейін құрлықтағы өткізу пунктерінен белгілі категориядағы азаматтар ғана өтіп келген. Енді жалпыға ортақ мұндай шектеулер алынып тасталмақ.
Шынар Оразова