Рұқсатсыз сауда орындарынан тағам өнімдерін сатып алмаған жөн…

235
фото alashainasy.kz

 

Дәстүрлі Наурыз мерекесін тойлау дастарқансыз өтпейтіні белгілі. Наурыз мейрамы кезінде өздеріңіз білетіндей салаттар, кремі бар кондитерлік тәтті өнімдер, ет тағамдары, наурызкөже және тағы басқа көптеген ұлттық тағамдар әзірленіп дайындалады. Алайда, осы тағамдарды дайындау барысында гигиена талаптарының сақталуына аса зор мән беру қажет.

Талаптарды сақтамаған жағдайда мереке күндері мерекелік дастарқаннан, үй тағамдарынан немесе қоғамдық тамақтану объектілерінде ұйымдастырылған мерекелік дастарқаннан дәм татушының уланып қалуы да әбден мүмкін.

— Мереке, демалыс күндері ауданында орналасқан саябақтарда, алаңдарда, көше бойларында самса, бәліш, құйылмалы квас, қуырылған жүгері, тәтті мақта, жұмсақ балмұздақ сататын рұқсатсыз сауда орындары пайда болады.

Мереке қарсаңында тағамнан уланып, денсаулығыңызға зиян келтіргіңіз келмесе, рұқсатсыз сауда орындарынан тағам өнімдерін сатып алмағандарыңыз жөн.
— Осыған байланысты Наурыз мейрамын тойлау және осы мерекедегі демалыс күндері кезінде мынадай қағидаларды сақтауды ұсынамыз:

— Мерекелік тағамдарды дайындау кезінде оларды сақтау және тұтыну мерзімдерін сақтаңыз. Шикі және дайын тағамдардың бірге сақталуына жол бермеңіз. Ал, олардың сапасыздығына қандай да бір күдік туындаса, өнімдерді, соның ішінде, әсіресе, алдыңғы дастарқаннан қалған тағамдарды мүлдем тұтынбаңыздар. Тағамды дайындау технологиясын сақтаңыздар.

— Тез бұзылатын тағамдарды алдын ала дайындамауды және іс-шара басталғанға дейін дастарқанға қоймауға және оларды қажетті температуралық режимді ұстай отырып сақтауға кеңес береміз. Дайын өнімдердің сақтау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеңіздер.

— Мереке қарсанында әр түрлі іс шаралар ұйымдастырылатыны белгілі, карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілгенімен жабық орындарда бетпердені киіп жүргендеріңізді сұранамыз.

Осы жоғарыда аталған талаптарды орындап, салауатты өмір салтын сақтап жүрейік. Тағамнан уланудың алдын алу шараларын қатаң сақтап, ауырмаудың жолын іздеу өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!

К.А.Адырбаева,

Шымкент қаласы Абай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы