Тамақ өнімдерінің 3,3 пайызы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді

193

ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ай сайынғы тағам қауіпсіздігінің мониторингі жүргізіп келеді. Биылғы жылғы 1-тоқсанда 14 880 өнім түрі алынды, оның ішінде азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобына 77 834 зерттеу жүргізілді, оның 3,5%-ы техникалық регламенттердің белгіленген көрсеткіштеріне сәйкес келмейді.

Зерттелген үлгілердің жалпы көлемінің 72,6%-ы таңбалауы бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейді, микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша 16,2%-ы, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша 11,2%-ы сәйкес келмейді.
Ішкі нарықта айналымдағы өнімнің ассортименті, өткен жылы анықталған бұзушылықтар қорытындысы бойынша тәуекелді талдау, сондай-ақ күшейтілген зертханалық бақылау нәтижесі ескеріліп, тауар позицияларының топтары бақыланды.

Барлық негізгі өнім топтары зерттеумен қамтылды, оның ішінде сүт өнімдері, құс еті, ет және балық өнімдері, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, балалар тағамының ассортименті, арнайы тамақ өнімдері, ББҚ-лар, шырын өнімдері, энергетикалық және басқа да алкогольсіз сусындар, жемістер мен көкөністер, ауыз су және өзге де өнімдер.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар топтары ішінде ойыншықтар, киім, аяқкиім, тұрмыстық химия тауарлары, гигиена құралдары, әйнек жуатын сұйықтық, парфюмерия және косметика, тағаммен жанасатын матариалдар, балалар тауарлары және басқалары бақылаумен қамтылды.

Тамақ өнімдерінің 12,5 мыңнан астам сынамасы зерттелді, 65 мыңнан астам зерттеу жүргізілді, олардың ішінде зерттеудің 3,3%-ы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

Сондай-ақ Комитет тек қауіпсіз өнімдерді ғана емес, сонымен бірге жалған өнімдерді анықтау, гендік түрлендірілген объектілердің болуын, жануарлардан алынған тамақ өнімдеріндегі геномдарды типтеу, өсімдік майлары мен трансизомерлерді анықтау, өсу гормондарының, антибиотиктердің болуын анықтау бойынша және т.б. шаралар қабылдауда.

Зертханалық бақылауды Ұлттық сараптама орталығының 17 облыстық филиалдан, 22 қалалық және 154 аудандық бөлімшеден тұратын 193 филиалы жүзеге асырады. Бүгінгі күні Комитеттің Ұлттық сараптама орталығының зертханалары заманауи жоғары технологиялық көп функционалдық жабдықтармен жарақталған, оларда классикалық микробиологиялық және физикалық-химиялық зерттеулерден басқа өнімнің жалғандығын зерттеу жүргізіледі.

Мысалы, генетикалық түрлендірілген объектілердің 12 желісінің өзекті көрсеткіштері, жануарлар ДНК-сының 10 түрі, сүт және май өнімдерінің май-қышқыл құрамының 37 түрі, мал шаруашылығы өнімдерінің өсу гормонының 14 түрі, тағамдық қоспалардың 100-ден астам түрі, 150 пестицид түрі және басқалары анықталады.

Техникалық регламенттер көрсеткіштеріне іріктеу және зерттеудің 309 әдісі енгізілді.
9 зертхананың аккредиттеу саласы кеңейтілді. Жыл сайын халықаралық орталықтарда 2 мыңнан астам зертханашы оқудан өтеді.

2019 жылы бактериялар мен инфекцияларды толық геномды талдау үшін заманауи аспаптардың біреуі сатып алынды (Mi Seq), онда вирустар мен бактериялардың секвенирлеумен қатар антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттарға сезімталдыққа әсер ететуіне зерттеу жүргізіледі.

Нақты уақыт режимінде полимеразды тізбекті реакцияны жүргізуге арналған жабдық бір ПТР-реакциясы көмегімен әртүрлі 6 ДНК – нысананы саралау үшін пайдалануға мүмкіндік береді, ол жабдықта сонымен бірге ГТО-ға зерттеу, жануарлардан алынған тамақ өнімдеріндегі геномдарды типтеу жүргізіледі.

Мысалы, 2019 жылдың 1 тоқсанында ет тамақ өнімдерінің 268 үлгісі өндіруші мәлімдеген түрлік құрамның сәйкестігін анықтауға зерттелді, 1153 зерттеу жүргізілді.

Олардың ішінде 40 үлгіде ерекше түрлік ДНК фрагменттері анықталды, олардың болуы өнім таңбасында өндіруші мәлімдемеген белгілі бір түрдегі жануар тіні компоненттерінің бар екенін көрсетеді.

Аталған фактілер заттаңбасында берілген еттің түрлік құрамының іс жүзіндегі құрамымен сәйкес еместігін көрсетеді. Тамақ өнімдерінің түрлері бойынша 22,5% сәйкес келмейтін өнім – бұқтырылған ет консервілері; 32,5% – шұжық өнімдері, 18,6% – қатты мұздатылған жартылай фабрикаттар; 21% – тартылған ет (фарш).

ГТО (генетикалық түрлендірілген объектілер). Генетикалық түрлендірілген объектілерге мониторинг жүргізу кезінде Нұр-Сұлтан қаласының дүкендерінде өнімдердің 4 түрінде генетикалық түрлендірілген соя мен жүгерінің 2%-дан 100%-ға дейін жоғары болуы анықталды, рұқсат етілген құрамы 0,9% болуы тиіс. Бұл – «Кляр» кепкен нан ұнтағы және жылдам дайындалатын кеспенің 3 түрі.

Көрсетілген өнімдерге қатысты оларды әкелу мен сатуды шектеу туралы уақытша санитариялық шаралар енгізілді. Саудадан көрсетілген өнімдерді алу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілді, ҚР-дағы импорттаушыны қарсы тексеру жүргізілуде.

МҚҚ (май-қышқыл құрамы). Одан әрі алынған сынамалардың елеулі көлемі «Аджилен» массалық-селективті детекторы және үш квадруполы бар газды хроматографта жалғандықты анықтауға зерттелді, ол жабдықта балалар тауарларын, ойыншықтарды, парфюмерлік-косметикалық өнімді, полимерлі материалдарды, жеңіл өнеркәсіп өнімін зерттеудің кең спектрімен қатар өнімдердің май-қышқыл құрамын, пестицидтерді, антибиотиктерді, уытты элементтер мен басқа да ластаушы қоспаларды анықтау жүргізіледі.

Үш ай бойы сүт және май өнімдерінің 140 сынамасы май-қышқыл құрамына және сүттен алынбайтын майды анықтауға зерттелді.

Сараптау қорытындысы бойынша Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Литва, Молдова, Франция өндірушілері мен бірқатар отандық өндірушілер шығарған сүт және май өнімдерінің 20 түрі өнімнің майлы бөлігінің май-қышқыл құрамына сәйкес келмеді.

Комитет алдау практикасына жол бермеу және шығарылатын өнімді дұрыс сәйкестендіру бойынша қажетті шараларды қабылдау туралы өндірушілерге хабарлама жіберді және оларды айналымнан алу бойынша шаралар қабылдады.

Антибиотиктер. Антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау бойынша құрамын бақылау мақсатында ет консервілерінің, құс шаруашылығы өнімінің, сүт өнімінің 800 сынамасы зерттелді, олардың ішінде 6 өнім сынамасында тетрациклин, левомецитин, бацитрацин анықталды.

Бұл Ресей Федерациясының келесі өндірушілерінің өнімдері: «ФинИнвест», «Птицефабрика Среднеуральская», «Уральская мясная компания», Агрофирма «Боровская», «Здоровая Ферма Деликатесы».

Тауарлардың өнеркәсіптік топтарының ішінде балалар ойыншықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, жеке гигиена заттары, тұрмыстық химия, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнім, жиһаз және химиялық өнім, тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар, темекі өнімдері және т.б. бақылаумен қамтылған.

Өнеркәсіптік тауарлардың 2346 сынамасы алынды, 13 195 зерттеу жүргізілді, оның ішінде 4,5%-ы сәйкес келмейді. Қауіпті заттарды анықтау үшін ойыншықтардың 451 үлгісі алынды, 4552 зерттеу жүрігізілді, оның ішінде 17-сінде уытты элементтер – стирол, формальдегид, метил спирті және фенол құрамының артуы анықталды.

Антифриздер мен әйнек жуатын сұйықтықтардың 4 үлгісі метил спиртінің құрамы бойынша сәйкес келген жоқ.2 тұрмыстық химия тауарында метанол анықталды. Парфюмерлік-косметикалық өнім, қаптама материалы, жеке гигиена құралы, киім және аяқкиім таңбалауы бойынша сәйкес келген жоқ.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында 584 нұсқама берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 233 іс қозғалды, 42 сот қаулысы шығарылды, сауда кәсіпорындарында 4 тоннадан астам өнім сатылымнан алып тасталды, жалпы сомасы 14,38 млн.теңгеге айыппұл салынды.

 

QAINAR KÓZҚР Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі