Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты «Арғымақ» шағынауданында ауыз сумен қамту үшін «Реголит» ЖШС тарапынан құрылыс жүргізілді.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су қосу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, шағынаудан халқын 2022 жылдың соңына дейін табиғи газбен қамту жоспарланып отыр.
Жалпы, елді мекенде 6 көше асфальтталған, ал 2-і топырақ жол. Сала жауаптыларының айтуынша бүгінде шағал тас төсеу жұмыстарына қаржы қаралған. Айта кетейік, «Арғымақ» шағынауданында 200-ден астам халық қоныстанған.
Мөлдір Ибадуллаева