Мектеп оқушылары су музейін тамашалады

527

Бүгінгі толқын таза суды ысырапсыз пайдаланудың жолын меңгеруде. «Су ресурстары маркетинг» серіктестігінің музейінде оқушылар үшін ашық есік күні өтті. Білімгерлерге қаламыздың таза сумен қалай қамтылатыны және су пайдаланудың ережелері туралы толық мағлұмат берілді.

Музейде ескі құрал жабдықтардан бөлек бүгінгі заманауи құрылғыларға дейін қойылған. №72 мектептің оқушыларына кәріз жүйелері бұл жаһанданудың жоғары көрсеткіші екендігі әңгімеленді. Кейбір тұрғындар сол жүйелерді тұрмыстық қалдықтармен толтырып тастайтыны айтылды. Салғырттықтың соңы, эпидемиологиялық ахуал тудыратыны түсіндірілді.

«Су ресурстары маркетинг» серіктестігінің тазалау бөлімінің директоры өскелең ұрпаққа Таза судың қадірін ұқтырды. Бүгінгі таңда суды тазартуға қаншама күш, орасан ақша кететінін айтып берді.

Оқушылар үшін маңызы бар мұндай экскурсия биылдыққа бірінші рет өткізіліп отыр. Бөлім меңгерушісінің айтуынша алдағы уақытта көптеп ұйымдастырылатын болады.

Әбдібек Тәңірбергенов, «Су ресурстары маркеинг» ЖШС музейінің меңгерушісі: «Қалалық білім бөлімімен меморандумға тұрғанбыз. Музейімізге оқушылар келіп танысатын болады».

Музейде көптеген марапаттар мен дипломдар топтастырылған. Олардың ішіндегі ең шоқтығы биігі Шымкеттік су серіктестігінің «Қазақстан экономикасының көшбасшылары» болып танылғаны туралы марапат. Мұны көркен кейінгі толқын, таза судың қадірін түсініп, оны ысырапсыз пайдалануды ұйғара тарқасты.