Шымкентте «ДӘМДӘСTOUR» жәрмеңкесі өтеді

190

Сіздерді алғаш рет ұйымдастырылып жатқан «ДӘМДӘСTOUR» ресторандар жәрмеңкесіне шақырамыз!

Жәрмеңкеде 30-ға жуық жергілікті ресторандар палау, кәуап, самса, наурыз көже, кондитерлік өнім және фаст-фуд номинациялары бойынша өздерінің үздік тағамдарын ұсынады.

Жәрмеңке аясында қонақтарға мәдени шаралар мен мерекелік көңіл-күй ұсынылады.
Сүйікті тағамдардың дәмін бірге бағалайық!

Уақыты: 21-22 наурыз күндері сағат10:00-22:00 аралығында Әл-Фараби алаңы.