Шымкентте тіркелмеген 7 қару-жарақ анықталды

25

Шымкентте қаруды сақтау және тіркеу ержелерін бұзған 75 адам жауапкершілікке тартылды. «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудандағы 1277 қару иелерін, сондай-ақ аңшы дүкендері мен күзет агенттіктеріне тексеру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында тіркелмеген 3 қару тәркіленіп, 4 тұлға өз еркімен тапсырды. Сонымен қатар, 951 қару иесі тексеріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 484 — бабы бойынша — 57 тұлғаға және ҚР ӘҚБтК-нің 486 — бабымен — 18 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Мөлдір Ибадуллаева