Адвокат Евгений Яворский ресейлік актер Павел Прилучныйға қарсы арыз жазғанын айтты, деп хабарлайды ОТЫРАР. Оған Прилучныйдың Instagram желісіндегі соңғы жазбасы себеп болды, онда Шымкенттен шыққан актер өз қаласы туралы теріс пікір қалдырған.
«Мен одан осы жазбаға сараптама жүргізуді талап етемін. Сондай-ақ теріске шығаруды, оның қателескенін мойындауын талап етемін. Біздің Шымкент қаласына мұндай сөздермен қара күйе жағуға болмайды», – дейді заңгер Евгений Яворский.
Бұл туралы Евгений Яворский OTYRAR телеарнасының тікелей эфирінде «Яворскиймен бірге» бағдарламасында айтты. Адвокат актердің өзі тұрып жатқан Мәскеу прокурорына арыз жолдап үлгерді.
«Біз хабарласуға тырыстық, бірақ оның қайда екенін әлі білмейміз», — деді адвокат.
Еске салайық, бұған дейін актер Павел Прилучный өз парақшасында сол кезеңдерде қалада болып жатқан заңсыздыққа байланысты Шымкенттен көшіп кеткенін жазған болатын.