Үкімет отырысында валюта нарығын тұрақтандыру шаралары жайы баяндалды.
Жыл басынан бері тауар экспортында өсім бар. Қаңтарда 86 пайызға артқан. Әйтсе де, сыртқы факторлардың әсерінен Қазақстанның қаржы нарығы құбылып тұр.
Осы ретте Ұлттық Банк бірнеше шараны қолға алды. Әуелі, валюта нарығын тұрақтандыруға басымдық беріп, интервенция жүргізді. Бұдан бөлек, инфляциялық тәуекелдерді төмендету, халықаралық резервтердің өсімі мен зейнетақы активтерінің кірісін арттыру және төлем жүйелерін дамыту жалғаса бермек.
Шынар Оразова