Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған 17 қару алынды

121

Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған 17 қару алынды. Облыс аумағында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалған қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жедел жағдайды жақсартуға бағытталған “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Бұл шара басталғаннан бері полицейлер 17 қару, оның ішінде екі шолақ мылтық, екі травматикалық және 13 тегіс ұңғылы қаруды, 30 оқ-дәрі мен екі снарядты тәркіледі. Бүгінде құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабы жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Әлихан Файзханов