Үш буынды модель өзіндік артықшылықтарымен қолданысқа енгізіліп отыр

96

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін негізгі шешімдерді прокурорлармен келісу туралы қылмыстық процестің «үш буынды моделі» енгізілді.

Осыған орай біздің тергеушілерге заманауи техникалар үлестірілді. Олар осы техникалар арқылы қылмыстық істі электронды түрде прокурорға келісуге жолдайды.

Ал жолдаған істегі тергеушінің жазған жазбаларын жәбірленуші, адвокат пен күдікті сол мезетте электронды форматта танысып, тікелей көре алады. Бұл бағыттағы жұмыстар халыққа ашық әрі қолжетімді болу мен цифрлы технологияны қолдануға келіп саяды.

Яғни үш буынды модель өзінің осындай артықшылықтарымен қолданысқа енгізіліп отыр. Сондықтан күдікті, мейлі жәбірленуші болсын оның құқығы сақталуы үшін полицейлер жұмыстарын осындай жетілдірілген жобалар аясында атқара береді.