Әл-Фараби ауданының прокуратурасы Үш буынды модель концепциясын талқылады

115

 

Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бастамасы негізінде «Үш буынды модель концепциясы: полиция, прокуратура, сот» тақырыбында, Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Е. Марат, Әл-Фараби ауданының прокуроры Қ. Хандиллаевтың, полиция өкілінің, адвокаттың және заңгерлердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Қала прокурорының орынбасары Е. Марат: «Үш буынды модель: полиция, прокуратура және сот, бұл мәселені Президент «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да көтерді.

1 қаңтардан бастап ҚПК-ке енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді прокурордың қылмыстық қудалау орбитасындағы рөлі аса маңызды буынға айналды.
Полиция органымен тұлғаға қатысты қабылданған шешімдер прокурордың келісімінсіз заңды күші болмайды, демек прокурордың жауапкерішілігі артады, халықтың прокурорға деген сенімі күшейеді және ең бастысы қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартылғандар саны азаяды» – деп сөз тарқатты.

Аудан прокуроры Қ. Хандиллаев: «Әл-Фараби ауданында қылмыстық процесті цифрландыру жұмысы қарқынды жүзеге асырылуда.

Бұл жаңашылдық азаматтардың құқығын қорғау кезінде өте тиімді құрал.
Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылдан бастап Бас Прокуратура электрондық қылмыстық істі енгізуде.

Қазірдің өзінде ауданда тіркелген істердің 58,2%-ы цифрлық түрде тергеледі.
Демек электрондық жүйеде манипуляция жасау және бұрмалау мүмкін емес» – деді.
Бүгінгі күні енгізілген жаңа модельге сәйкес қылмыстық істер бойынша прокурорлар күдікті деп танудың 621, тұлғаның әрекетін саралаудың 532, істі қайта саралаудың 512, мерзімін үзудің 1346 және өндірістен тоқтатудың 980 процестік шешімін зерделеген.