Үшінші елдерден әкелінген қант ішкі нарықта пайдаланылады

31

Қазақстан аумағына ЕАЭО елдерінен өзге елдерден кіргізілген қанттың барлығы ішкі нарықта және қанттан өндірілетін өнімдер үшін ғана пайдаланылатын болады.

Ресейде қант экспортына уақытша тыйым салынуына байланысты Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі кейбір заңнамаларға өзгеріс енгізді. Соған орай Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен өзге мемлекеттерден әкелінген қанттың барлығы тек ішкі нарық пен өнім өндіруге ғана жұмсалатын болады.

Қазақстанда тұтынатын қанттың 58 пайызы сырттан әкелінеді. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның 2022 жылдың тамыз айының соңына дейін кедендік бажсыз ЕАЭО елдерінен тыс 250 мың тонна қант кіргізуге мүмкіндігі бар.

Шынар Оразова