ЕАЭО пен Үндістан арасындағы тауар айналымы артқан

24
© Photo : "ЭСК KazakhExport" АҚ коммуникация және ақпарат департаменті

ЕАЭО пен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2022-2023 жылдары 50,3 млрд теңгені құрады

Үндістан мен Еуразиялық экономикалық одақ еркін сауда жөніндегі келісімдерді жүргізу туралы бастама көтерді. Осыған орай, Үндістан ЕАЭО елдерінің сауда жөніндегі соңғы көрсеткештерін сұратты, деп хабарлайды РИА Новости.
Хабарламада, «Бұл мәселе жөнінде алдын ала келісімдер жасалып жатыр. Жағдайды бағалау үшін Үндістан бес елдің сауда жөніндегі мәліметтерін сұратты», – деп жазыдлған.
Үндістан мен ЕАЭО сауда келісімі жөніндегі жобаны 2022 жылдың наурызында дайындап қойған. Алайда пандемияға байланысты оны пысықтау кейінге шегерілді. 2020 жылдың қаңтар айында жобаның соңғы нұсқасын ұсынылды, дегенмен Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қиындықтар туындады.
ЕАЭО пен Үндістан арасындағы тауарайналым 2022-2023 жылдары 50,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 49,3 млрд Ресейдің, 641 млн Қазақстанның, 135,5 млн Арменияның, 111,8 млн Беларуссияның және 56,6 млн Қырғызстанның үлесінде