ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы мен жәрдемақыны инфляцияға сай индексациялау туралы айтты.
«Біз әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылап отырамыз. Инфляцияны қанша деңгейде белгілейтінімізге байланысты. Оны біз ғана белгілемейміз. Ұлттық банкпен бірге белгілейміз. Өйткені үлкен есеппен алғанда, инфляцияға Ұлттық банк жауапты. Инфляциялық таргеттеу саясатын солар жүргізеді. Сәйкесінше, инфляциялық дәлізді жоғары белгілесек, индексация да соған сай болады», — деді Әлібек Қуантыров.
Шынар Оразова