Наурыз мерекесі қарсаңында «Шымқала» этноауылында «Жайлау» күніне орай гүлдер жәрмеңкесі өтті. Мұнда үй және дала гүлдерінің бірнеше түрі мен сан түрлі көшеттер сатылымға шыққан.
Сондай-ақ, жәрмеңке аясында қала тұрғындарына қызғалдақ гүлі таратылады. Фестиваль ұйымдастырудағы мақсаттың бірі — қала аумағына көптеп көшет отырғызу және олардың күтіміне мән беру дейді ұйымдастырушылар. Жәрмеңкені қала әкімдігіне қарасты 5 басқарма бірігіп өткізіп отыр.
Гүлдана Дәурен