Шымкенттік оқушылар 1000-ға жуық құс ұясын дайындады

50

Шымкенттегі Арбат демалыс алаңында білім басқармасы мен зообақ қызметкерлері көрме ұйымдастырды. Табиғатты аялауға шақыратын игі шарада көпшілік жергілікті білім ұйымдарының оқушылары дайындаған 1000 ға жуық құс ұялары мен ерекше құстарды тамашалады.

Сонымен қатар, ұйымдастырылған мерекелік ойындарға қатысқан белсенді тұрғындарға сыйлықтар таратылды. Жалпы наурыздың Жайлау күнінде шымкенттіктер қоршаған орта мен табиғатқа көңіл бөліп, қаланы көріктендіруге де атсалысты. Табиғат анаға қамқорлық таныту мақсатында көше мен аулаларды тазартып, көшет пен гүлдер отырғызды.