Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Айтулы мекеме балалар жылына орай «Қырық ертегі-қырық кейіпкер» тақырыбында оқушылар арасынадағы республикалық сурет байқауын ұйымдастырды.
«Қырық ертегі-қырық кейіпкер» тақырыбында ұйымдастырылған іс шара республикалық деңгейде өтіп жатыр. Шараның мақсаты жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін шыңдап өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру және қазақ ертегілерін дәріптеу. Театр директорының сөзінше бұл іс-шарада ең көне қуыршақтар көрмеге шығарылған.
Самат Алтаев, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының директоры: «40 жылдың ішінде 150-ге жуық қойылымдар қойылған. Сол қойылымдардың ішінде 520- дан астам қуыршақтар бар. Ол қуыршақтардың барлығын қорымызда сақтаймыз өзге адамдар көруге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз өз таңдаулы қуыршақтарымызды Арбат алаңына шақырып отырмыз».
Байқауға кез — келген талапкер қатыса алады. Басты шарт берілген 40 ертегіден өзіне ұнаған бір кейіпкердің суретін салу.
Самат Алтаев, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының директоры: «Ал мұның ең басты шарты қатысқан адамдардың републикалық болғанан кейін 20 — сын таңдап аламыз. Ең таңдаулы суреттерге оларға біз Шымкент қаласына үш күндік іс сапарға жолдама береміз және ақшалай сыйақы болады».
Салтанатты түрде ашылған сурет көрмесі бір жыл бойы жалғасады. Ал қорытынды келер жылдың 27 наурызында жарияланады.
Иззат Миралиев