Қуыршақ театры мерекелік қойылым ұсынады

955

Осы уақытқа дейін талай қойылымдарымен өз көрермендерін қуантып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры репертуарын жаңарту үстінде.

Әсіресе бүлдіршіндерді жаманнан жиреніп, жақсыны үйрену, достықты қадірлеу сынды ізгі қасиеттерге үндеуде қойылымдардың орны ерекше. Бұрынғыдай емес бүгінде қуыршақ театрының көрермендері көбейіп келеді. Жаңа қойылымдарын асыға күтетіндер де жоқ емес.

Кішкентай көрермендердің сүйікті театры наурыз мерекесіне орай түрлі қойылымдар ұсынғалы отыр. Қуыршақ театры 22 наурыз күні «Алдар көсенің айласы», 23 наурыз «Полторы горсты», 24 наурыз «Қожа мен спорт», 25 наурыз «Орман ертегісі» атты қойылымдарына кішкентай көрермендерін шақырады. Барлық қойылымдардың басталуы сағат 12:00-де.