«Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігі Әз Наурыз мейрамы мен Ұлы Жеңістің 77 жылдығына ұйымдастырған футболдан турнир» өз мәресіне жетті.
Компанияның Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы мекемелерінің 22 командалары арасында өткен сайыстың жеңімпаздары анықталып, үздіктерге кубок, Алғыс хат пен қаржылай сыйлық табыс етілді.
Алаңда «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының шағын футбол турнирінің бірінші кезеңінде жеңіске жеткен команда ойыншылары шеберліктерін көрсетуде. Әз-Наурыз, Ұлы Жеңіс мерекелеріне орай ұйымдастырылған турнирдің екінші кезеңі тартысты өтуде. Сайыстың қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен 4,4 ұпай жинаған сайрамдық футбол командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Ұйымдастырушылар: «Бірінші орында Сайрам аудандық электр тарату желісінің командасы. Кубок, Алғыс хат пен 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық»
Рахымжан Қабыланов, «ОЖТ» ЖШС Сайрам аудандық электр тарату желісінің бас инженері:»Жеңімпаз атандық ,»Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің басшылығына үлкен рахмет. Керемет тартысты ойын болды. Қуаныштымыз. Жігіттерге де рахмет».
Энергетиктер жұмыста да, спортта да осал емес екендіктерін көрсете білді. Екінші орынды, 100 мың көлемінде ақшалай сыйлықты Шымкент қаласындағы «Энергопоток» серіктігінің командасы жеңіп алса, Бәйдібек аудандық электр жүйесінің ойыншылары үшінші орында . Ептілік пен шапшаңтықпен көзге түскен командаға Алғыс хат пен 70 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыс етілді.
Мұқан Айнақожа, Бәйдібек аудандық электр жүйесінің бастығы:»Спорт — адамдарды достастырады. 22 команданың арасында таңдаулылары өз-ара сайысқа түсіп, біздің команда 3-ші орынды жеңіп алды. Спортымыз дами берсіин»
Төртінші орынды жеңіп алған сарыағаштық ойыншыларға Алғыс хатпен 50 мың теңге көлемінде ынталандыру жүлдесі табысталды.
Нұрғали Қалмұрат, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы: «Іс шара екі жыл өткізілмеп еді пандемияға байланысты. Міне, биыл қайта жандандырып, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы мекемелерімізде 22 команда жасақталып, өз-ара сайысқа түсті. Футбол турнирі дәстүрлі түрде жалғасын тауып жатыр. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастар арасында дәріптеуге ықпалы мол».
Шағын футболдан ауқымды көлемде турнир өткізуді энергетиктер дәстүрге айналдырған. Әрбір қатысушы ойыннан қуаттанып жігерленді. Алдағы ойындар бұдан да тартысты өтеді деп тарқасты командалар.