2024 жылдан кейін газ экспорты мүлдем тоқтатылмақ.
Өйткені, ішкі нарықта сұраныс артқан соң, көгілдір отын өзімізге қажет. Алдағы жылдары тапшылық болатынын Энергетика министрі Үкімет сағатында да айтқан еді. Және экспорт тоқтайтынын және газ 2025 жылы қымбаттайтынын жеткізді. Болат Ақшолақовтың айтуынша бағаны көтеруден басқа амал жоқ. Өйткені қазір еліміз сыртқа газ сатып, түскен табысқа ішкі нарықты субсидиялап отыр. Бізде баға содан арзан. Енді экспорт тоқтайтын болса, құнын қымбаттатуға тура келеді,- дейді министр.
Шынар Оразова