«7-20-25» жеңілдетілген несиелік бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

139

Ағымдағы жылдың 11 сәуірден 15 сәуір аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге «Shymkent-baspana.kz» сайтында тәулік бойы өтінімдер электронды түрде қабылданады.

«70-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна 20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін берілетін несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.

Бағдарламаға қатысу шарттары:
​- Қазақстан Республикасының азаматының болуы;
​- Ипотекалық несиелердің болмауы;
​- Табыстың болуы;
​- Баспананың болмауы.
Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 9 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк» АҚ-ы, «Altyn Bank» АҚ-ы, «First Heartland Jusan Bank» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ы.
Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер белгілі бір пәтер түріне өтініш бере отырып, төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама;
3) ипотекалық жылжымайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын дәлелдейтін кредиттік бюроның кредиттік есебі;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы жеке зейнетақы зейнетақы шотынан үзіндісі;
5) жұмыс орнынан табысы туралы анықтама:
Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.
Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.

Аталған несиелік бағыттағы тұрғын үйлер Тұран шағын ауданы және Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан.