43 бизнес жоба бойынша өтінім бере алады

42

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында «Ауыл аманаты» жобасын қарқынды түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағдарламаның VI – шы бағыты бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайтын несие алуға ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

VI шы бағыт бойынша Қызылқия ауылы округі тұрғындары және Қазығұрт ауданына қарасты барлық ауыл округ тұрғындары, Қызылқия ауылы округіне тіркеліп, несие алуға төменде көрсетілген 43 бизнес жоба бойынша өтінім бере алады.
Соңғы 6 ай тұрақты мекен жайы бойынша анықтама талап етілмейді. Бір ескертетін жағдай, несие алатын азамат ашатын кәсібін Қызылқия ауылы округінде жасауы қажет. Аталмыш шарттарды ауыл тұрғындары қуана қабылдады.
Алдағы уақытта жеке кәсібін ашып, ісін ілгерілетсем деген тұрғындар қатары артып келеді. Оларға өз кезегінде Қазығұрт аудандық Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі мамандары тарапынан барынша қолдау көрсетілуде. Құжат жинаудан бастап, жеке кәсіпкерлікті тіркету сынды жұмыстарға бағыт бағдар берілуде. Өз кезегінде бұл ауыл тұрғындары үшін үлкен демеу болып отыр.