Кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын 15%-ға дейін негізсіз өсірген. Сауда және интеграция министрлігі тексеру кезінде тауарды қымбатқа саудалағандарға қатысты 259 істі анықтады. Түсіндіруден кейін бизнес иелері сауда үстемесін 4-15%-ке дейін төмендетті. Қазір маусымаралық кезең. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттаушылар арасында баға айырмашылығы өзекті. Мысалы, қызанақтың бағасы әр сауда орнында әртүрлі. Түркістан, Жамбыл, Алматы облысында қазақстандық диқандар үшін келісіне 600-680 теңгеден 800 теңгеге дейін. Ал сауда желілерінде отандық қызанақтың келісі 1000 теңгеден 1200 теңгеге дейін сатуға рұқсат берілген.