Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 11,4 пайызға қымбаттаған

50

Ағымдағы жылдың қаңтары мен наурызы аралығында еліміздеәлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 11,4 пайызға , импорттық тауар мен азық-түлік бағасы 13% қымбаттаған.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, өткен аптаның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы – 1,3, ал айдың басынан бері – 9,1, қымбаттаған. Жылдық мәнде 19 тауар атауын қамтитын азық-түлік бағасы 18,6 пайызға көтерілген.

Бұл 2021 жылдың дәл осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 8,1 пайызға жоғары. Сонымен бюроның статистикалық мәліметтеріне қарағанда, елімізде келесі азық-түліктердің орташа бағасы мынадай: бір келі ұн – 193, нан – 171, күріш – 265, күнбағыс майы – 788, сиыр еті – 2131, қант – 397, он дана жұмыртқа– 391 теңге.