Алимент жауапкершілігі жоғары

112

Бала жауапкершілігі – ата-ана мойнында. Алайда баланы өмір¬ге әкелгенмен әртүрлі себептермен ажырасқан ата-аналар¬дың ортақ бала үшін жасалар жағдайдан жалтаруы жан ауыр¬тады. Ересек адам ретінде өз жауапкершілігін сезініп, кейін өз баласының алдында кібіртіктемеуі үшін заңмен бекі¬тіл¬ген али-ментті өз еркімен, өз қалауымен төлейтін азаматтар аз емес. Ке¬рі¬сінше, ажырасқан отбасын әуре-сарсаңға салып ізд嬬тіп, жұ¬мыс орнын жасырып дегендей әбігерге салатын әке¬лер де көп кез¬де¬седі.

Алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалмауына борышкердің тұрақты кірісінің және өндіріліп алынуы мүмкін мүлкінің жоқ болуы, сондай-ақ жұмыс орын¬дарының жетіспеушілігі әсер етеді. Әсіресе борышкерлердің жаңа мекен-жайларын қалдырмай басқа өңірлерге уақытша тір-кеусіз жұмыс істеп немесе кәсіп іздеп кетуі көп кездеседі. Сонымен қа¬тар азғындық өмір салтын жүр¬¬гізетін, тұрақты жұ¬мыс¬қа орна¬ласқысы келмейтін, алко¬гольді асы¬ра пайдаланатын борышкер¬лер де қарызды өндіру ісіне кедергі келтіреді.

Борышкерлерді заңға сай тәр¬тіп¬¬тік жазаға ұсыну – өз мін¬де¬ті¬нен жалтарғандарға ой салу¬дың, бала-шағасы алдын¬дағы парызын ұғын¬дырудың бір жолы болмақ. Бұл тұрғыда борышкерді әкім¬шілік, қылмыс¬тық жауап¬кершілікке, жүргізуші куә¬ліктеріне уақыт¬¬ша тоқтату сондайақ, ел аума¬ғынан шығуына шектеу қойыл¬ған.

Өз отбасы алдында борыш¬кер¬лердің әлеуметтік жағдайы әр¬¬түрлі болатыны белгілі. Сон¬дықтан алимент өндіруде олар¬ға мүмкіндікке қарай қолдау да көр-сетіледі. Мысалы, өңірде жұ¬мыссыз борышкерге жұмысқа орналасу туралы хабарламамен жұмыспен қам¬ту орталығына жі¬беріліп, борышкерлер жұмысқа ор¬налас¬тырылды. Азаматтың өзі саналы түр¬де уа¬қытымен төлеп, бала тағды-рына қам¬қор болмаған соң мәжбүрлі іске асы¬ру бұл істе қиын¬дық туындатады. Алайда әрбір азамат, әрбір бала мемлекет қолдауына ие, бала тағ¬дыры жауапсыз қалмайды, сон¬дықтан алимент төлеудің қиын¬дықтарын жеңу, өтінім беру¬шінің құқын қорғау – біз үшін басты міндет.

Б.Усипбеков, Шымкент қаласы Әділет департаментінің филиалы «Жеке сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша әкімшілік тәжірибебөлімінің басшысы