Жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасына Шымкент қаласынан 8 841 азамат қатысады деп күтілуде дейді Отбасы банктің қаладағы филиалындағылар.
Жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады:
1 және 2 топтағы мүгедектер;
мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
көпбалалы отбасылар.
Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.
3 адамға дейін отбасыға пәтерді жалдауға 85 мың 678 теңгенің жартысы субсидияланады.
Ал отбасы мүшелері саны 5 адамға дейін пәтер жалдауға 128 мың 518 теңгенің жартысы және отбасы мүшелері 5 адамнан асатын жанұяға 171 357 теңгенің жартысы субсидияланады. Жалдау ақысын субсидиялауға шекті сома 171 357 теңге.
Шынар Оразова