Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мегаполистің жолаушылар көлігі және автобиль жолдары басқармасының лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» компаниясының басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Агенттіктің ресми өкілінің айтуынша, аталған азаматтар өткен жылы бюджеттен 747 млн тг жымқырды деген күдікке ілінген.
Арман ТЛЕУКЕНОВ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
«Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды».
Мөлдір Ибадуллаева