Кассирдің қарақшылық шабуыл ұйымдастыруына не себеп болған?

177

Шымкентте шағын несие ұйымынының қызметкері қарақшылық шабуыл ұйымдастырған. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының мәліметінше, кезекші бөлімге шағын несие беру ұйымына шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Тез арада оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар бірден мәселенің мән жайын анықтауға кіріскен. Тәртіп сақшыларына хабар берген кассирдің айтуынша, мекемеге көзілдірік пен медициналық бетперде таққан 30-35 жастағы орта бойлы ер адам келген. Ол суық қарумен қорқытып, 1 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен.

Нұрдәулет Нұржан, Шымкент қаласы ПД Еңбекші АПБ тергеу бөлімінің тергеушісі:
«Тергеп тексеру барысында аталған ер азаматтан жауап алу барысында алғашында 102 сымтетігіне хабарласқан кассир болып істейтін әйел кісінің орын алған қылмысты ұйымдастыра отыра өзінің жұмыс атқарып отырған мекемесінен жасырын түрде жымқырған ақшасының орнын жаппақшы болғаны анықталып отыр».

Жергілікті тұрғын үйінен ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ полицейлер жалған ақпарат берген кассирдің үстінен ҚР ҚК-нің 419-бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша іс қозғалғанын да хабарлады.

                                                                                                  Мөлдір Ибадуллаева