ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров нақтылған бюджет жобасы бойыншазейнетақы мен жәрдемақы инфляция деңгейіне қарай индекстелетінін растады.
«Біз инфляция деңгейін 8-10 пайыз көлемінде деп алдық. Нәтижесінде, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері шамамен 9 пайыз индекстеледі», — деді министр.
Сондай-ақ, ол нақтылған бюджет бойынша бір доллардың бағасы 460 теңге болып белгіленгенін еске салды. Айта кетейік, Ұлттық экономика министрі журналистерге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау не үшін қажет болғанын түсіндірді.
«Біріншіден, бұл шаралардан жинаған қаражаттың түбі көрініп қалмайды. Ұлттық қордың активтері бойынша бұрынғы деңгейде қаламыз. Оның үстіне біз Ұлттық қордың жалпы өнімге қатысты төменгі шегін көтереміз. Бұл шамамен жалпы ішкі өнімнің 30 пайызынан кем болмауы керек. Біз Ұлттық қордан ақшаны Мемлекет басшысының қаңтардың басынан бері жүктеген тапсырмаларын іске асыруға аламыз. Сондай-ақ, түрлі бағдарламалық құжаттарға бөлеміз»-деді Әлібек Қуантыров.