Қатты дауыл Кентаудағы үйлердің шатырын ұшырып әкетті

218

Қатты дауыл Кентау қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатырырын ұшырып әкетті. Жексенбі күні болған нөсер жауыннан келген шығын көлемі әлі де есептеліп жатыр. Зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Қалалық полицияның бөлімінің ғимараты да қатты дауылдан зақымданған. 1 мектеп пен 1 балабақшаның шатыры ұшып кетті. Дауыл салдарынан құлаған ағаштардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір қала әкімдігіндегі жедел желі арқылы тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда қолға алынатын шұғыл іс-шараларға дайындық жүріп жатыр.