Сайрам тұрғын алабы 100 пайыз электр жарығымен қамтылған

87
фото tirshilik-tynysy.kz

Сайрам тұрғын алабы 100 пайыз электр жарығымен қамтылған. Биыл 7 трансформатор орнатылып, 11 шақырым көшеде электр желілері жаңартылады. Бұл туралы аудан әкімі Рақымберді Мүлкеманов мәлімдеді.

Аталған жұмыстар жыл соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тұрғын алаптың 95 пайызы ауыз сумен, ал 90 пайызы табиғи газбен қамтылған.

Ал биыл елдімекенде 7 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 көше жарықтандырылады.

Гүлдана Дәурен