Самара-Шымкент тас жолында минивэн мен жүк көлігі соқтығысып, 7 адам жарақат алды

100

«Отырар TV» телеарнасының «Шұғыл шақырылым» бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша, оқиға Түркістан облысының Сайрам ауданында 17 сәуір, сағат 22:00 шамасында болған.

Toyota Alphard жүргізушісі Алматыдан Шымкентке бет алған. Алдын ала болжам бойынша, минивэн жүргізушісі ара қашықтықты сақтамаған. Ол рөлде ұйықтап кеткен болуы мүмкін. Сөйтіп HOWO жүк көлігіне соқтығысқан.

Жеті адам зардап шекті. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән жайын анықтау үшін тексеру жүріп жатыр.