Шымкент: Жол жөндеу жұмыстарында кемшіліктер анықталды

173

Жол жөндеу жұмыстарындағы ақаулар ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін жойылады. Одан кейін мерзімі өткен әр бір күнге мердігерлер айыппұл төлейді. Мұрат Әйтенов мамандандырылған комиссия өкілдеріне осындай тапсырма берді.

Қала басшысы жөндеуден кейін жолдардың сапасынан бірқатар кемшіліктерді анықтады. Атап айтқанда, 310 шақырымдық салынған жолдың 2,8 шақырымында кемшілік бар.

Жөнделген 980 ұңғыманың 21-і сапасыз жасалған. Еске сала кетсек, өткен жылы Шымкентте 310 шақырым автожолда құрылыс жұмыстары жүргізіліп 72,2 шақырым жаңа жол салынды және 237,8 шақырымы жөнделді.

                                                                                     Иззат Миралиев