Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында конкурс басталды

6

Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында конкурс басталды. Өтініш 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында otbasybank.kz порталында қабылданады.

Бұл конкурсқа тұрғын үй кезегінде тұрғын салымшылар өтініш білдіре алады. Алғашқы жарна 20 %, ал несие жылдық 5 %-бен беріледі.

Айта кетейік, 9 қабатты тұрғын үй «Тұран 2» ықшамауданында орналасқан. Бағасы 1 шаршы метріне 180 мың теңге. Жалпы пәтер саны 144. Оның 48-і бір бөлмелі, 48-і екі бөлмелі, ал қалғаны үш бөлмелі пәтерлер.

Мөлдір Ибадуллаева