Шымкентте жас жігіт құзға өрмелеу қабырғасынан құлап кетті

152

Шымкенттегі Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Жайлаукөл» саябағында қайғылы оқиға орын алды. Құзға өрмелеу қабырғасының ұстағышы жұлынып кетіп, 20 жастағы жас жігіт биіктен құлап кетті.  Қайғылы оқиға 10-сәуір күні болған.

Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.

Медициналық тексеру барысында пациенттің бас сүйек маңдайшасы жарақаттанғаны анықталып, операция жасалды. Науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.