Шымкентте жасөспірім көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды

159

Қайғылы оқиға 7 сәуір күні кешке «Ынтымақ» шағынаудандағы үйлердің бірінде болған. Жуынатын бөлмеде ауа тазалайтын мұржасы жоқ су жылытқышы орнатылған. Жасөспірім жуыну кезінде газдан уланған болуы мүмкін.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланың қайтыс болғанын анықтады. Алдын ала себеп – көміртегі тотығымен улану.

Газ қызметінің мамандары газ құрылғыларын орнатудың өрескел бұзылуын анықтады:
ванна бөлмесінде ауа шығатын мұржасы жоқ лездік су жылытқышы
орнатылған.

Газ қызметінің мамандары газ құрылғыларын орнатуды бейкәсіби адамдарға сенбеуге шақырады. Сонымен қатар, газбен жабдықтау ұйымының келісімінсіз қосымша газ жабдығын орнатуға тыйым салынатынын ескертеді.