Сиыр етінің экспортына қойылған шектеуді алып тастау жөнінде өтініш жасалды

77

Ет одағының төрағасы сиыр етінің экспортына қойылған шектеуді алып тастауды сұрап отыр.

 

Асылжан Мамытбековтың айтуынша былтыр елімізде 540 мың тонна ет өндірілген. Ал ішкі сұраныс 450 мың тонна. Яғни, шаруалар артық 90 мың тонна етті шектеуге байланысты сыртқы нарыққа шығара алмай отыр. Ірі импорттаушы Ресей мен Қытай тарапынан қазір сұраныс жоғары. Бірақ, бұған шектеу мүмкіндік бермейді дейді. Десе де Үкімет шектеуді қымбатшылық пен тапшылықтың алдын алу үшін қойғанын айтқан еді. Бірақ одақ төрағасы бұл агроөнеркәсіп кешенін дамытуды тежейді, — деген ойда