Оқиға 11 қыркүйекте Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Жыланбұзған ауылында болған.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» құтқару қызметіне 10 сәуір, сағат 22:08-де ер адам хабарласып, әйел адам сағат 15.00-де үйден шығып, қайта оралмағанын айтқан.
Туыстарының болжамы бойынша, ол суға түсіп кеткен.
«Оқиға орнына жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі құрамында 7 адам және 1 кинологиялық іздестіру жұмыстарына шығып кетті. Әйелді Жыланбұзған ауылының аумағынан ағып өтетін ені 3 метр, тереңдігі 2-2,5 м құрайтын суармалы каналдан іздеді. Құтқарушы-сүңгуірлер 2 тәулік бойы іздеп, 11 сәуірде сағат 12:15-те 1977 жылғы әйел адамның денесін судан шығарып алды», – делінген хабарламада.